Қазақстанның Қытайға қосылуы туралы фейк ақпарат тарап, жұрт дүрлікті
zakon.kz
Жазбаның дереккөзі – qazinform24 Instagram-аккаунты.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қытайдың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Чжан Сяоның Қазақстанның ҚХР құрамына кірген жағдайда еліміздің сыртқы қарызының басым бөлігін жабуға дайын екендіктері жайлы мәлімдегені туралы хабарлама тарауда, деп хабарлайды zakon.kz.
Жазбаның дереккөзі – qazinform24 Instagram-аккаунты. Бұл - шынайы жаңалықтар жарияламайтын сатиралық парақша. Оның профилінде аккаунт сатиралық контент пен фейк жаңалықтар жариялайды деп жазылған. Оның үстіне Қазақстандағы ҚХР елшілігінің ресми сайтында мұндай жаңалықтар жоқ. Төтенше және Өкілетті елші Чжан Сяо мұндай мәлімдемелер жасамаған. Сондықтан бұл ақпараттың шындыққа ешқандай қатысы жоқ, деп хабарлайды stopfake.kz.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript