Алматы облысында демалыс күндері локдаун жарияланады
Алматы облысы әкімдігі
Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,7%-дан 0,9% дейін артқан.
Алматы облысында коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады, деп хабарлайды zakon.kz.
Демалыс күндері локдаун жарияланады. Балалар мен ересектерге арналған білім орталықтарының, ашық және жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік сатпайтын) қоғамдық тамақтану нысандарының, жазғы алаңдардың, сауда үйлері мен қоғамдық көліктің (елді мекендер ішінде) банктердің, ХҚО-лардың, "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінің, діни нысандардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының, фитнес-орталықтардың, казинолардың, ойын-сауық, бұқаралық, отбасылық, естелік іс-шаралардың қызметіне тыйым салынады", - деп хабарлайды Қазақпарат Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиевтің бүгінгі брифингтегі сөзін келтіріп.
Оның айтуынша, облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы екі аптада 0,7%-дан 0,9% дейін артты. Эпидемиологиялық матрицаның бағалауы бойынша Алакөл, Талғар, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Панфилов, Сарқан және Текелі, Талдықорған қалалары - "қызыл" аймақта, Іле, Қаратал, Жамбыл, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, ұйғыр және Ақсу аудандары - "сары" аймақта, ал қалған қалалар мен аудандар "жасыл" аймақта орналасқан.
"
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript