Жаңалықтар тізбегі
0

Атырау облысында су тапшылығынан мал қырыла бастады

Википедия, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2021 23:59 Википедия
Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы судың тапшылығы болғанымен мал шығыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр.

Атырау облысының Исатай ауданында су тапшылығынан мал қырыла бастады. Нарын каналы тозып, жан-жағын қамыс басып, кей жерлері батпаққа айналған. Қазір айналасы малдың өлексесіне толып кетті. Жағдай тез арада шешілмесе, экологиялық апат болуы мүмкін дейді фермерлер, деп хабарлайды zakon.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы судың тапшылығы болғанымен мал шығыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр. Нарын каналының ұзындығы 170 шақырымды құрайды. "ҚазСуШар" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының балансындағы нысан жарты ғасырдан астам жөндеу көрмепті. Бүгінде су тапшылығын жою үшін канал бөліктеріне су айдайтын қосымша насостар орнатылған. Осының арқасында су деңгейі біршама көтеріліпті.

Талғатбек Тастанбеков, Аққыстау ауылының тұрғыны:

- Бұл су айдаушылардың да кінәсі емес, суларын айдаған сәтте су болады. Ал 15 күн бола ма, 20 күн бола ма, оның булануы бар, тұтынуы бар, сіңуі бар, жоқ болады да кетеді. Себебі бұл каналдар осы канал салынғалы жөндеу көрмеген. Біздің мына қазіргі сәтте жанайқайымызды жаңа ауыл шаруашылығы министрі келіп жатыр. Сол кісіге жеткізсеңіздер. Мемлекеттен қаржы бөлінуі керек.

Саламат Амангелді, облыстық ауыл шаруашылығы басшысының орынбасары:

- Бұл мәселе көп жылдан бері айтылып келе жатса да шешімін таппай келе жатқаны рас. Енді тиісті министрліктермен жұмыстар жүргізілуде. Нарын каналын күрделі жөндеуден өткізу және оның жобалық-сметалық құжаттарын жасақтауға байланысты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне тиісті хаттар жолданды. Сосын жаңағы Нарын каналының бойында орналасқан ауылдарда мал өлімдері әзірге тіркелген жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: