Терезені жауып, шыдап өткізіп жіберейік - желіде тағы бір фейк ақпарат жүр
pixabay.com
Жазба авторы қазақстандықтарды 7 және 8 тамыз аралығында далаға шықпауға кеңес береді.
Қазақстандықтар жалған хабарламаларды бір-бірімен бөлісіп, үрейді зорайтуда, деп хабарлайды zakon.kz.
Әлеуметтік желілерде вирус шашатыны туралы ақпарат тарап жатыр.
Жазба авторы қазақстандықтарды 7 және 8 тамыз аралығында далаға шықпауға кеңес береді.
Ауруханада жұмыс істейтіндер осылай айтып жатыр, оттегі дайындап жатыр, өйткені 10-11 тамызда көптеген науқас түседі ауруханаға деп, делінген хабарламада.
Сонымен қатар, автор "терезелерді жауып, шыдамды болуды" сұрайды.
Таныстарыңызға айтыңыздар. Бәрі жоспар бойынша ғой, әлсіз болып жүргендер өліп кетеді тағы да.
Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл хабарламаны жоққа шығарды.
Бұл - жалған. Ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, - деді құзырлы ведомствадағылар.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript