Атырау облысында сыйақыларды иемденген полиция қызметкерлері сотталды
Атырау облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы мен оның екі әріптесі сыйақыларды (премия) ұрлау және жалған іссапар қағазын жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Ерекше маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Атырау қаласының No2 соты 4 тамызда Атырау облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Н.Төлешовке екі жыл бас бостандығын шектеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметтерді атқару құқығынан әрі полиция полковнигі атағынан айыру түрінде жаза кесті, - деді Биғайдаров брифингте.
Сондай -ақ, оның айтуынша, басқарма бастығының орынбасары - полиция полковнигі Н.Жомартов екі жылға бас бостандығынан шектеліп, мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына әрі полиция полковнигі шенінен айырылды; бөлім инспекторы - полиция аға лейтенанты Н. Салахиденовке 6 703 000 теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына әрі полиция аға лейтенанты шенінен айырылды.
Тергеуші Төлешовке, оның орынбасары Жомартов пен Салахиденовке қызметкерлерге сыйақы бөлу, материалдық көмек бойынша, сондай -ақ қызметкерлерді облыс аймақтарына іссапарға жіберу туралы жалған бұйрықтарға қол қойып, сеніп тапсырылған құзіретін асыра пайдаланып, бюджет қаражатын жымқырды және жанармай талондарын қолма-қол ақшаға айырбастап, иеленді деп күдік келтірілген.