Қызылордада 21 адамды алдап соққан алаяқтар бес жылға сотталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2021 17:52 zakon.kz
Қаржы пирамидасы салымшыларына екі апта ішінде 50 пайыз үстеме пайда табу мүмкіндігін ұсынған.

Қызылордада “Befree” атты қаржы пирамидасының жолы кесілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz мәліметі бойынша, келеңсіз оқиға 2019 жылдың қазан айынан бастау алған.

Белгісіз біреулер WhatsApp желісі арқылы “Befree” тобын ашып, қаржылық (инвестициялық) пирамида құрып, оларға екі апта ішінде 50 пайыздық үстемелік пайда табу мүмкіндігін жеткізген. Салдарынан 296 адам салымшы ретінде тіркеліп, жалпы 21 жәбірленушіге материалдық шығын 22 миллионнан астам теңге құрады. Осыған орай, полицейлердің жедел әрекеттерімен, тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесінде қала орталығының тұрғыны ұсталып, бұл іске қатысты тағы да екі сыбайлас азаматшалар анықталып, оларға қатысты дәлелдемелер жинақталып, күдікті қатарында танылған. Қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету, аса ірі мөлшерде ақшаны немесе өзге мүлікті тарта отырып жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Қазіргі таңда Қызылорда қалалық сотының шешімімен айыпталушылардың әрқайсысына 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шықты, - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: