Жаңалықтар тізбегі
0

Күйеуі үстіне спирт құйып, өртеп жіберген әйелге қатысты тың мәлімет жарияланды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2021 21:50 pixabay.com
Зардап шегушінің денесінің 50% күйік шалған.

Күйеуі үстіне спирт құйып, өртеп жіберген Павлодар ауданы Розовка ауылының 34 жастағы тұрғыны №1 қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Pavlodarnews.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтемей жасай отырып, зардап шегушінің денесінің 50% күйік шалғанын хабарлайды..

- Науқастың жағдайы ауыр, – деп мәлімдеді ведомстводан. - Дәрігерлер аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

Рождественка ауылдық округінің әкімі Рашид Галеевтің айтуынша, отбасының әлеуметтік жағдайы жақсы. Ерлі-зайыптылардың Розовка ауылында екі дүкені бар - азық-түлік және тұрмыстық. Үш баланы тәрбиелеп отыр.

- Үлкен қызы биыл жетінші сыныпқа барады, екеуі – мектеп жасына дейінгі, кенжесі - бір жасар бала, - деді Рашид Галеев. - Қазір балаларды атасы мен әжесі қарап отыр.

Ауыл тұрғындары бұл отбасының осындай жағдайға тап болғанына таң қалуда.

Облыстық полиция департаменті зардап шеккен адамның жұбайына өтініш жазудан бас тартқанын хабарлады. Дегенмен, тәртіп сақшылары ҚР ҚК 107-бабы, "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Айта кетсек, Розовка ауылының тұрғыны әйелін өртеп жіберген. Ерлі-зайыптылар арасында жанжал шыққан. Ер адам мас күйінде көлік жүргізбек болған, ал әйелі оған тыйым салған. Бұдан кейін 36 жастағы ауыл тұрғыны тоңазытқыштан алкоголь алып, әйеліне құйып, от қойған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: