Covid-2019: Павлодарда ауруханаға отбасымен бірге түсушілер саны күрт артқан
zakon.kz
Ауруханаға түсетін балалардың саны азаймай тұр. Басым бөлігінің жағдайы орташа.
Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 71 бала жатыр. Оның ішінде бір жастағы қыз бала жансақтау бөлімінде ем алуда, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Pavlodarnews.kz Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген баспасөз конференциясында облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы директорының инфекциялық стационар жөніндегі орынбасары Зере Садақова мәлім еткенін хабарлады.
Ауруханаға түсетін балалардың саны азаймай тұр. Басым бөлігінің жағдайы орташа, 20 балада жеңіл дәрежеде өтуде. Өкінішке орай, қазіргі күні отбасымен, үш-төрт баласымен түсетін аналар бар. Бұл дегеніміз - балалар үйлерінде инфекция тасымалдайтын ересектерден ауру жұқтырады. Балалар екпе алмағандықтан, инфекцияның алдында қорғансыз болып табылады. Мысалы, аптаның басында әйел адам төрт баласымен түсті. Екеуі - егіз бала және ұл мен қыз. Әкесі модульдік орталықта. Балалардың барлығы пневмонияға шалдыққан. Жағдайлары орташа. Толық көлемде ем алуда, - деді Зере Садақова.
Оның айтуынша, жансақтау бөлімшесіндегі бала ишемиялық инсультпен жатқызылған. Жағдайы тұрақты ауыр. Анасында коронавирус тіркелгені ПТЦ тест нәтижесімен расталған.
Пандемияны жеңудің жалғыз жолы - екпе алу. Бұл вакцина клиникалық сынақтан өткен, лицензия алған соң қолданады, - деді Зере Садақова.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript