Ақтөбелік әйел өзінің 16 жасар қызын шендінің астына салып берген

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.08.2021 15:56 Сурет: zakon.kz
Қызын жезөкшелікке итермелегені үшін анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе облысының тұрғыны 16 жасар қызын шенеунікпен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы kazpravda.kz сайтына берген сұхбатында ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Өткен жылы Ақтөбе облысында 16 жасқа толмаған қызбен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен шенеунік педофилия күдігімен ұсталды. Оның үстінен, пайда мақсатында анасының өзі қызын бұған мәжбүрлеген, - дейді министр Ерлан Тұрғымбаев.

ҚР ІІМ басшысының айтуынша, күдікті қамауға алынды.

Қызын жезөкшелікке итермелегені үшін анасына қатысты қылмыстық іс те қозғалды. Қылмыстық істер қаралуда, тергеу әрекеттері жүргізілуде, - деді ол.


zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: