Ақмола облысында жол апатынан бір отбасы мүшелері қаза тапты
Ақмола облыстық ПД
Тек 12 жасар қыз бала ғана аман, онда да ол ауруханаға жатқызылды.
Ақтөбе облысында бір отбасы мүшелері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.
16 тамызда Самара-Шымкент тас жолында Қалабай ауылы маңында ауыр жол апаты болды.
Полиция Nissan X-Trail көлігінің 39 жастағы жүргізушісінің жолдың қарсы бетіне шығып, Volvo FH460 жүк көлігімен соқтығысқанын анықтады.
Оқиға салдарынан Nissan X-Trail жүргізушісі, оның 40 жастағы әйелі мен 11 жасар баласы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды, 5 жасар ұлы мен 10 жасар қызы ауруханаға жатқызылды, кейіннен 5 жасар баланың да көз жұмғаны белгілі болды, - деп хабарлады облыстық ПД.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-тармағы, "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript