Нұр-Сұлтанда карантинді бұзған боди массаж салондары табылды

pоlisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2021 18:17 pоlisia.kz
Мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді.

Карантин режимін бұзу фактілерін анықтау мақсатындағы рейдтік шаралар барысында түнгі 00:10-да Сарыарқа даңғылының бойында боди массаж салоны жұмыс істейтіні анықталды, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөлмеде 4 клиент пен 8 қыз бар екен. Қыздар жағы санитарлық және карантиндік шектеу нормаларын өрескел бұзып, клиенттерінің денесіне массаж жасапты.

Дәл сол түні осындай бұзушылық Алпамыс көшесіндегі Rezident SPA салонында да анықталды, онда массаж жасап жатқан 7 қыз табылды.

Мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді.

Нұр-Сұлтанның полиция департаменті карантин режимі жұмсарғанына қарамастан, қаланың тұрғындары мен қонақтары Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс екенін еске салады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: