"Жол бойы қан-жоса". Жамбыл облысында бір көлік 12 бас жылқыны қағып өлтірді
pixabay.com
Көлік жүргізушісі жеңіл жарақатпен құтылды. Қазір аталған іс мұқият тексеріліп жатыр. Ал малдың иесі жылқыларынан айырылып қана қоймай, әкімшілік жауапқа да тартылуы мүмкін.
Жамбыл облысында "Мерседес" 12 бас жылқыны қағып, өлтірді. Бәрінің өлексесі тас жолдың бойында қан-жоса болып шашылып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz КТК-ға сілтеме жасап.
Қынадай қырылған жылқыны жеңіл көлік таптап өткен. Полицияның мәліметінше, Меркі ауылының тұрғыны малын арнайы өткелден емес, жолдың үстімен үйіне қарай айдап келе жатқан. Сол кезде Таразға қарай жүйіткіген "Мерседес" көлігі үйір жылқыны байқамай, қатты жылдамдықпен келіп соғыпты. Көлік жүргізушісі жеңіл жарақатпен құтылды. Қазір аталған іс мұқият тексеріліп жатыр. Ал малдың иесі жылқыларынан айырылып қана қоймай, әкімшілік жауапқа да тартылуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript