LV Force қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс тергелуде

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2021 18:36 zakon.kz
Бүгінгі күні еліміздің 8 аймағындағы аталған қаржы пирамидасының филиалдары жабылып, негізгі ұйымдастырушысы ұсталды.

Қазақстанда LV Force қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық іс қарастырылып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі күні еліміздің 8 аймағындағы аталған қаржы пирамидасының филиалдары жабылып, негізгі ұйымдастырушысы ұсталды.

Азаматтар үгіт-насихат жүргізу және мессенджерлер мен электрондық пошталар арқылы хабарламалар жіберу арқылы жарна есебінен заңсыз баюдың қылмыстық схемасына тартылды, деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

LV Force қаржылық пирамидасынан зардап шеккендер Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеулер департаментіне +7 7162 25 62 84, +7 747 666 25 37 телефондары арқылы хабарласуы сұралады. Одан басқа аймақтардың тұрғындары тұрғылықты жері бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық экономикалық тергеу департаменттерінің көмегіне жүгіне алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: