Аягөзде балалар орталығынан тағы шу шықты. Арнайы комиссия құрылды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2021 16:24 pixabay.com
Қазіргі уақытта балаларға медициналық тексеру ұйымдастырылып, психологтар қызметі ұсынылды.

Аягөзде Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі балалар орталығының қызметкері сексуалдық сипаттағы оқыс жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аягөздегі Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі балалар орталығының қызметкері 9 тамызда ішкі тексеріс кезінде ұлдардың жатын бөлмелеріндегі бейнебақылау таспасын қарап отырып, мекеме тәрбиеленушілерінің жыныстық қатынасқа түсу әрекетінің алдын алды, делінген әлеуметтік қорғау басқармасының хабарламасында.

Қазіргі уақытта балаларға медициналық тексеру ұйымдастырылып, психологтар қызметі ұсынылды.

Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Тиісті арыз мен материалдар процессуалдық шараларды қолдану үшін құқық қорғау органдарына берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: