Ақтөбе облысында жолаушылар пойызы кранмен соқтығысты
pixabay.com
Оқыс оқиға 9 қыркүйек күні түстен кейін орын алды.
Ақтөбе облысында Қандыағаш станциясында жолаушылар пойызы ауыр техника - кранмен соқтығысты, деп хабарлайды zakon.kz.
Оқыс оқиға 9 қыркүйек күні түстен кейін орын алды.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Аталған фактіге сәйкес, Қандыағаш станциясының Желілік полиция бөлімі (Ақтөбе облысы) ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі, "Теміржол көлігінің қозғалысы мен жұмыс істеу ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, делінген хабарламада.
Бұдан бөлек өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі мақсатында жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript