Жаңалықтар тізбегі
0

Ағамыздың денесін жерледік. Басын бермеді – сұмдық жағдай болды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2021 20:01 zakon.kz
Қойшының басын кесіп, денесін айдалаға лақтырып кетіпті.

Атып өлтірген ағамыздың басын ала алмай отырмыз. Осылай деп Алматы облысы Балқаш ауданының тұрғындары шағымданды, деп хабарлайды zakon.kz "Еуразия" бірінші арнасына сілтеме жасап.

Айтуларынша жалданып қой бағатын 45 жастағы ағасы 23 тамызда жоғалып кетіпті. Оның денесін бауырлары 6 қыркүйекте Бірлік ауылына 8 шақырым жерден іздеп тапқан.

Сараптама оның басынан атып өлтіргенін анықтаған.

Тергеу барысында сот-медициналық сараптама үшін мамандар марқұмның басын алып қалған.

Денесін жер қойнына тапсырғанымен, басы болмағандықтан марқұмның жаназасын да шығара алмады.

Бауырынан айырылғандардың тергеу амалдарына да көңілі толмай отыр. Әзірге аймақтың полиция департаменті бұл сұмдық оқиғаға қатысты ешқандай мәлімет айтпады.

Нұрлан Ниязов, марқұмнын бауыры:

Ағамыздың басын алып қалды экспертизаға бермей. Денесін алдық, жерледік. Жаназа оқытылған жоқ. Сол себепті сіздерден көмек сұрап келіп отырмыз анығына жету үшін. Полицейлер өз нелерімен жұмыс атқарған жоқ. Жаңағы прокуроры бар, следак бар, начальник РОВД бар ешқайсысының жұмысына көңілім толған жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: