Талдықорғанда мониторингтік топтанбыз деген екі өтірікші ұсталды
Талдықорғанда мониторингтік топтың екі мүшесіне қатысты қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Талдықорғанда осындай бір факт тіркелді. Мониторингтік топтың екі мүшесі ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Басқа облыстар мен аудандарда мұндай фактілер тіркелмеген, - деп жауап берді ОКҚ-да өткен брифингіде Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.
Оның айтуынша, жалпы облыс бойынша 268 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы тексеруге шықпас бұрын тіркеуден өтеді, онсыз ешқандай топтың рейд жүргізуге құқығы жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, биыл наурыз айында Алматыда фейк мониторингтік топ анықталды.
Аудандық әкімдіктердің сайттарынан, сондай-ақ Infokazakhstan.kz сайтындағы "мониторингтік топтар" бөлімінен мониторингтік топтарға мүше адамдардың тізімдерімен танысуға болады. Қазіргі уақытта Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлеріне алдын ала тіркеусіз және тексерусіз кәсіпкерлік нысандарға баруға рұқсат етілмейді.
Тамила Языкова, Кәмшат Сатиева