Алматыда қоғам белсендісінің дабылынан соң қылмыстық іс қозғалды

facebook.com/salta.virgilio, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2021 17:50 facebook.com/salta.virgilio
Қоғам белсендісі Алматыда 300 ағаштың заңсыз оталғанын, оның ішінде Қызыл кітапқа енгендері де бар екенін айтып, дабыл қаққан.

Алматы полициясы жақында қоғам қайраткерлері мәселе ретінде көтеріп, Қызыл кітапқа енген 300 ағаштың оталу фактісін тексеріп жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл факт ҚР ҚК 340 бабы, "Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру"бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді.

Тиісті сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша қылмыстық іске қатысты соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Тергеуді Медеу аудандық полиция басқармасы жүргізуде,- деп хабарлады полиция департаментінен.

13 қыркүйек күні әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Салтанат Ташимова 300 ағаштың кесілгені туралы хабарлады.

Біз 300 -ге жуық ағашты отаған қылмыскерге жаза талап етеміз, олардың арасында Қызыл кітапқа енгендері де бар !!! Керей Жәнібек Хан, 368 үй мекен-жайы бойынша, - деп жазды ол.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: