Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыдағы балалар үйінің тәрбиеленушілері арасындағы жанжал неден туды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.09.2021 18:58 pixabay.com
Айта кетсек, әлеуметтік желілерде балалар үйінің екі тәрбиеленушісі арасындағы жанжал түсірілген видео тарап кеткен.

Алматы прокуратурасының "Жанұя" мамандандырылған кешенінде жоспардан тыс жүргізген тексеруінен соң балалар үйінің басшылары қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тексеру барысында мекеме қызметкерлеріне жалақының негізсіз артық төленуі, тауарлық-материалдық заттардың жетіспеушілігі анықталды. Мысалы, демеушілік көмектен балалар үйінде жасалмаған жөндеу жұмысына қаржы аударылған, - деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, әлеуметтік нысан балаларды тамақтандырудың белгіленген нормаларын сақтамаған. Сапасыз азық-түлік алынып, оларды дұрыс сақтамаған.

Әкімшіліктің салғырттығынан 22 тәрбиеленуші жылдар бойы мемлекеттен 10 миллион теңге көлеміндегі әлеуметтік көмекті ала алмай, қайтыс болған ата-анасының жылжымайтын мүлігі жетім балаларға уақытында тіркелмеген, - делінген министрліктің хабарламасында.

Мүмкіндігі шектеулі жетім балаларға тиісті психологиялық және медициналық көмек көрсетілмей, кейін мектеп бітірген кейін де 18 баланың әртүрлі диагнозбен мүгедектер үйіне ауыстырылғандығы айтылады.

Орталықтың ғимараты 1967 жылы салынып, ешқашан санитарлық және өртке және түрлі апатты жағдайға қарсы күрделі жөндеу жүргізілмеген.

Прокуратураның ұсынысымен Алматы әкімдігі бүкіл ғимаратты күрделі жөндеуге және аумақты абаттандыруға қаражат бөлді.
Тексеріс кезінде табылған материалдар негізінде 58 миллион теңге көлемінде ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (ҚР ҚК 189-бабы, 3-бөлім, 1-тармағы). Тергеу Алматы қаласының экономикалық тергеулер департаментіне тапсырылды, - дейді қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Тергеу аясында бұрынғы басшы К. есімді азаматша қызметтен шеттетіліп, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары - Ш. - сенімді жоғалтуына байланысты жұмыстан шығарылды.
Сотқа дейінгі тергеудің қалған деректері ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, жария етуге жатпайды.

Айта кетсек, әлеуметтік желілерде балалар үйінің екі тәрбиеленушісі арасындағы жанжал түсірілген видео тарап кеткен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: