Жалған екпе құжаты 29 мемлекеттен анықталған
29 мемлекеттен жалған екпе құжатын жасау фактілері анықталған. Бұған Check Point халықаралық IT-компаниясының зерттеулерінің деректері дәлел, деп хабарлайды zakon.kz.
Мысалы, жалған COVID-19 вакциналау төлқұжаттарын Италия, Франция, Германия, Ұлыбритания, Үндістан, Сингапур, Украина және көршілес Ресейден сатып алуға болады. Егер бір ай бұрын ғана сарапшылар қара базардан мыңға жуық ұсыныс тапса, қазір олардың саны 10 мыңға дейін өскен, делінеді "Хабар 24" таратқан ақпаратта.
Жалған құжаттың орташа бағасы - 100 доллар.
Ең арзаны Үндістанда сатылады, бағасы - 75 доллар. Бірақ мамандар Австрияда, тіпті вакциналау төлқұжатын тегін басып шығаратын Telegram-ботты тапқан. Қалай дегенмен де сарапшылардың пікірінше, жалған вакциналау төлқұжаты нарығына негізгі серпін беруші жайт вакцинацияға қатысты белгілі бір елдің саясаты болып табылады.
Сонымен қатар, биылғы жылдың жартысында Қазақстанда жалған вакциналау төлқұжаттары мен ПТР-тест анықтамасы бойынша 86 қылмыстық істің беті ашылды.