Жолдың қарама-қарсы бағытымен жүйткіген Toyota кімдікі екені анықталды
zakon.kz
22 жастағы бозбала бұл қылығы үшін алматылықтардан кешірім сұрады.
Жол ережесін бұзған алматылық тұрғын көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.
Аса қауіпті трюктің видеосы Instagram парақшасында жарияланды.
Тағы бір автокөлік иесінің заңсыз әрекеттері Instagram және Facebook желілерінде жарияланды. Біз құқық бұзушының жеке басын анықтауға бағытталған шараларды қолданамыз, - деп жазды қалалық полиция бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Кейін құқық бұзушы ұсталды.
Жылдамдықты асыра сілтеуші 2002 жылғы жас жігіт болып шықты.
Оның әрекеттерінде ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 230-бабы, 2-бөлігі, 601-бабы, 2-бөлігі, 595-бабы, 1-бөлігі және 596-бабы, 3-бөлігі бойынша жол қозғалысы ережелерін бірнеше өрескел бұзу белгілері ақыталды. Тиісті әкімшілік материалдар жиналды, олар қарау үшін сотқа жолданды, - делінген хабарламада.
Бозбала көпшіліктен кешірім сұрады.
Мен Алматы тұрғындарынан кешірім сұраймын. Мен өз кінәмді мойындаймын, - дейді ол видеода.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript