Қазақстанда кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тарту фактісі анықталды
ашық дереккөздерден
Операция кезінде полиция адам саудасымен байланысты 70-тен астам қылмысты ашты.
ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов елде өткен "STOP трафик" жедел алдын алу шараларының қорытындыларымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Операция кезінде полиция адам саудасымен байланысты 70-тен астам қылмысты ашты. Оның ішінде - қанау мақсатында бас бостандығынан айырудың бір фактісі, адам саудасының үш фактісі, кәмелетке толмағандарды сатудың жеті фактісі, жезөкшелікпен айналысудың 16 фактісі, оның ішінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен үш факт. Жезөкшелікпен айналысу және жезөкшелер үйін ұйымдастыру мен күтудің 47 фактісі анықталды, - деді Қанат Нұрмағамбетов Ішкі істер министрлігінде өткен брифингте.
Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысу және жезөкшелік үшін үй-жай беру бойынша 22 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Қоғамдық орындарда қысым көрсеткені үшін 400-ден астам әкімшілік хаттама жазылған.
Мадина Мамырханова, Нұр-Сұлтан
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript