Жаңалықтар тізбегі
0

Ресейде қызды өлтіріп, Павлодарда 20 жыл бой тасалаған ер адам ұсталды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.09.2021 19:47 zakon.kz
Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері сот пен тергеуден жалтарып, жасырынып жүрген 74 қылмыскерді ұстады.

Биылғы жылдың 25 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығына арналған Павлодар облысында "Іздеу" жедел алдын алу іс-шарасы (ел асып, жасырынған қылмыскерлерді іздестіру) жүргізіліп жатыр, оның барысында Пермь қаласында кісі өлтірді деп айыпталған 46 жастағы ер адам Павлодарда ұсталды, деп хабарлайды zakon .kz.

Павлодар облысының жедел уәкілдері ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген бес қылмыскерді ұстады. Бұрын хабарсыз кеткен екі азаматтың тұрғылықты жері анықталды. Мысалы, Павлодарда тәртіп сақшылары Пермь қаласында (Ресей) адам өлтірді деп айыпталған 46 жастағы қашқын қылмыскерді ұстады. Анықталғандай, 2001 жылы ер адам қызды өлтіріп, жасаған қылмысынан соң Павлодарда болған. Ол өте айлакер болып шықты, белгілі болғандай, қаскөй тегіндегі бір әріпті әдейі өзгерткен. Қазіргі уақытта ол қамауға алынған, - дейді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Эльдар Әбдікенов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Қырғызстанда жазасын өтеуден 19 жыл жалтарып жүрген 52 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматының мекен еткен орны анықталды. Оның ұсталғаны туралы іздеу жариялаушыларға хабарланды.

Сондай-ақ, жедел-іздестіру шаралары мен криминалдық полиция қызметкерлерінің өзара іс-қимылы барысында Қарағанды ​​облысының әріптестерімен бірге, Павлодарда қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен 25 жастағы павлодарлық Жезқазған қаласында ұсталды. Қашқын Жезқазған қаласының уақытша ұстау изольяторына тоғытылды.

Қылмыскерлерді іздеу криминалдық полиция қызметкерлерінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Заңды бұзған адамдар жазадан құтыламыз деген үмітпен қашып жүреді. Алайда, олар әділдіктен қашып құтыла алмайды, ерте ме, кеш пе өз әрекеттері үшін жауап береді, - дейді Эльдар Әбдікенов.

Жыл басынан бері Павлодар облысының полицейлері сот пен тергеуден жалтарып, жасырынып жүрген 74 қылмыскерді ұстады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: