Жаңалықтар тізбегі
0

Қостанайда жоғалған ер адам өлі табылды

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2021 20:14 pixabay.com
Департаменттегілер осы жайтқа қатысты өз кінәсін мойындаған 34 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны анықталғанын нақтылады.

Қостанай облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстың бетін ашты, деп хабарлайды zakon.kz.

1 қазанда Қостанай қаласының Оңтүстік бөлімінің 102 пультіне 66 жастағы әйелден арыз түсті, ол өзінің 45 жастағы ұлының отбасымен тұратын саяжайдан шыққан күйі қайта оралмағандығын айтты. Бұл факті бойынша полиция жедел-іздестіру шараларын бастады, - дейді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі.

Департаменттегілер осы жайтқа қатысты өз кінәсін мойындаған 34 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны анықталғанын нақтылады.

Ол жәбірленушінің денесін жасырған жерді көрсетті. Оқиға орнын қарау кезінде марқұмның денесі Тобыл өзенінің жағасынан табылды, - дейді Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алдын ала болжам бойынша, қылмысқа ер адамдар арасындағы өзара кикілжің себеп болған.

Жәбірленуші алған дене жарақаттарынан көз жұмған, күдікті дәлелді жасыру мақсатында мәйіттен құтылуды жөн көрген. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, делінген Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: