Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-дағы қылмыстық топ мемлекетке 10 млрд теңге шығын келтірген

zakon.kz/Максим Золотухин, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2021 16:32 zakon.kz/Максим Золотухин
Сот үкімімен топ мүшелері – Закир Исламов, Максим Александров, Олеся Гаськова, Ербол Уәлиев, Еркен Ануаров, Арман Маданов түрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды.

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті жалған шот-фактураларды заңсыз жазып берумен айналысатын қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында алты адамнан тұратын топ 2014-2018 жылдар аралығында облыс аумағында заңсыз қызмет атқарған 30 қолма-қол ақша фирмаларын құрғандығы анықталды. Фирмаларда қызметкерлер штаты да, мүлкі де, жиналмалы үй-жайлары да, өндірістік-техникалық базасы да болмаған және тіркеу орны бойынша орналаспаған. Номиналды басшылардың ешқайсысы қаржы-шаруашылық қызметпен айналыспаған. Фирмаларда бухгалтерлік есеп және салық есептілігі жүргізілмеген, делінген ҚР ҚМА хабарламасында.

Іс жүзінде кәсіпорындар салық төлеуден жалтару мақсатында "Рич Ресурс", "Тұмар ВКО", "Вос-Торг 1" компанияларымен тауарсыз шот-фактураларын, жүкқұжаттарын, шарттарын заңсыз жазып беру үшін пайдаланған.

Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 10,8 миллиард теңгені құрады, - дейді құзырлы ведомства.

Сот үкімімен топ мүшелері – Закир Исламов, Максим Александров, Олеся Гаськова, Ербол Уәлиев, Еркен Ануаров, Арман Маданов түрлі жылдарға бас бостандығынан айырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: