Бір күнде Нұр-Сұлтанда 60-тан аса жол апаты тіркелді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2021 15:33 zakon.kz
Көктайғаққа байланысты қалалық полиция жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де аса сақ болуды ескертеді.

11 қазанда Нұр-Сұлтанда ауа-райының күрт нашарлап, қар аралас жаңбыр жауып, арты көктайғаққа айналатыны айтылады, осыған байланысты қала көлік кептелісі орын алатындығы болжанады, деп хабарлайды zakon.kz.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасы автокөлік жүргізушілеріне өз маршруттарын алдын ала жоспарлап алуды, жолда аса абай болуды және көлік жүргізу кезінде қауіпсіз жылдамдық пен арақашықтықты сақтауға кеңес береді, - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының баспасөз қызметі.

Бір күн ішінде елордада 68 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде бір зардап шегуші ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де аса сақ болу ескертіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: