Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-да 7-сынып оқушысын қатарластары соққыға жықты

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2021 16:25 Pixabay
Баланың миы шайқалған.

Теректі ауданы Подстепное ауылының тұрғыны Мейрамгүл Кубашева №1 мектептің 7-сыныбында оқитын ұлын ұрып-соққаны туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz mgorod.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 4 қазанда оқушылар арасында төбелес болып, соның салдарынан ұлы жарақат алып, ауруханаға түскен.

Ұлы құлап, орнынан тұра алмаған, дәрігерлер ми шайқалуы және бетінің тері астындағы гематомасы диагнозын қойған, жағдайы – орташа ауыр.

Бұл бірінші рет емес, мен осы күнге дейін үндемедім, бірақ бұл жолы үндемей қала алмаймын. Мектептегі тәртіпсіздіктер туралы мен мектеп басшылығына бірнеше рет айттым, ешқандай шара қолданбады. Мектеп директоры оқу орнында тәртіпті талап етпейді, оқушылар мұғаліммен дөрекі сөйлеседі, мектеп формасын кимейді және бұл тек мектеп оқушыларына ғана қатысты емес, - деп жазды Кубаева Facebook-те.

Сондай-ақ, әйел аурухана қойған диагноз көшірмесін де жариялады.

Сонымен қатар, Теректі аудандық білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова аталған факті бойынша арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын айтты.

Бұл оқиға төртінші қазанда болды, жетінші және сегізінші сынып оқушылары арасында төбелес болды. Қазір кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр. Сонымен қатар, біздің ведомствода барлық фактілерді егжей-тегжейлі зерттейтін арнайы комиссия құрылды. Тексеру қорытындысы туралы қосымша хабарлаймыз, деді Хусаинова.

Бақытжан Отарбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: