ШҚО-да көршінің сиырын Passat-тың багажнигіне тиеген ұры ұсталды
видеодан кадр
Іздестіру шараларының барысында полицейлер сол ауылдың 60 жастағы тұрғынын ұстады.
Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданындағы Үлкен Бөкен ауылының тұрғыны ауылдасының малын ұрлаған, деп хабарлайды zakon.kz.
ШҚО полиция департаментінің хабарлауынша, ұрлық туралы хабарлама 28 қыркүйекте 47 жастағы ауыл тұрғынынан түскен.
Оның айтуынша, 27 қыркүйекте белгісіз тұлғалар ауылдық округтің жайылым учаскесінен бір сиырды ұрлап кеткен. Шығын 450 000 теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 60 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстап алды. Ол жауап алу кезінде өз кінәсін мойындады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 189-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript