Алматыда өртенген пәтерден әйел мен бала құтқарылды
zakon.kz
Өрт сөндіруге екі өрт сөндіру бөлімшесі, 5 автотехника бірлігі, жеке құрамнан 17 адам жұмылдырылды.
Алматыда әйел баласымен бірге жанып жатқан пәтерден құтқарылды, деп хабарлайды zakon.kz.
14 қазанда сағат 16:00-де 101 пультіне Алмалы ауданы Тұргыт Озал, 57 мекен жайындағы өрт туралы алаңдаған тұрғыннан қоңырау келіп түсті. Аталмыш мекен жайға 14-ӨСБ алғашқы өрт сөндіру бөлімшесі келгеннен кейін бес қабатты тұрғын үйдің балконы жалындап жанып жатқаны анықталды, витраж терезесінен қою қара түтін шығып жатты. Сондай-ақ, жиһаз жанып, үйдің шатыры жанып, ортасына түсуге сәл-ақ қалды. Баспалдақпен көтерілетін орында жоғары температура болып, көк түтін басты, адамдарға пәтерден шығуға рұқсат етілмеді. Өрт сөндірушілер әйел мен оның төрт жасар ұлын құтқарды.
Аға өрт сөндіруші Әділмұрат Сабыржан мен Әбен Талант баланы көрпеге орап, түтінді аймақтан таза ауаға шығарды.
Қуанышымызға орай, құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады, деп хабарлады Алматы ТЖД.
Өрт сөндіруге екі өрт сөндіру бөлімшесі, 5 автотехника бірлігі, жеке құрамнан 17 адам жұмылдырылды.
View this post on Instagram
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript