Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде болған. Көк түтін ішінде жылаған оқушылардың видеосы жұртты шошытты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2021 01:18 видеодан алынды
Департаменттегілер оқушылар арасында улану жағдайлары жоқ деп сендіреді, ал шыбын-шіркейге қарсы дезинфекцияны сабақ кезінде мектептің жертөлесінде жүргізілген.

Қазақстандықтар Ақтөбедегі мектепте түсірілген видеоны көріп, шошып қалды. Онда көк түтіннің ішінде жылаған оқушылардың дауысы естіледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеолар Instagram желісінде жарияланды.

Міне, тоғызыншы мектептің ішінде болған оқиға. Балалар түсірген, - делінеді видео сипаттамасында.

Сол No9 мектептің балалары түсірген басқа видеода оқушылардың жанұшыра айқайлаған дауыстары естіледі.

Мама, мен сені жақсы көремін! - деп жылайды қорқып қалған қыз.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті "Мой город" порталына хабарлағандай, No9 мектепке шыбын-шіркейге қарсы зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуге нұсқаулық берілмеген.


Департаменттегілер оқушылар арасында улану жағдайлары жоқ деп сендіреді, ал шыбын-шіркейге қарсы дезинфекция сабақ кезінде мектептің жертөлесінде жүргізілген.

Баса назар аударта кетелік, мұндай жұмыстар жүргізілген кезде үй-жайда ешкім болмауы керек (улаушы қызметкерлерді қоспағанда).

Мектептегі жұмысты келісімшарт жасасқан ұйым жүргізді. №9 мектептің директоры сабақ кезінде дезинфекция жүргізгені үшін қатаң тәртіптік жазаға тартылды. Жұмысты "Дезинфекция қызметі" медициналық мекемесі жүргізді. Бұл ұйым мынаны жеткізді: No9 мектепте ыстық тұман, К-Отрин 50 препараты - инсектицид сынды тарақандарға, шыбын-шіркей мен масаларға қарсы профилактикалық дезинфекциялау тәсілі қолданылды, деп хабарлайды Ақтөбе қалалық білім басқармасы.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: