БҚО-да 9-сынып оқушысы жетінші қабаттан секіріп кетті
pixabay.com
Суицид алдында осындай жаман ниеті бары туралы жасөспірім Discord мессенджерлік тобында жазып, содан соң одан шығып кеткен.
Қайғылы оқиға Ақсай қаласында 10 қазанда түстен кейін орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Мой город" порталының хабарлауынша, суицид алдында осындай жаман ниеті бары туралы жасөспірім Discord мессенджерлік тобында жазып, содан соң одан шығып кеткен.
Сонымен қатар басылым түсінік алу үшін БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқанын, ал ондағылар облыстық прокуратураның рұқсаты болмағандықтан ақпарат бере алмайтындықтарын айтқан. Облыстық прокуратурадағылар да қайғылы оқиғаға қатысты түсініктеме беруден бас тартты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript