ШҚО-да тұманды күні жол апатынан екі адам қаза тапты
instagram.com / eastkazpolice
"ВАЗ 2109" автокөлігінің 65 жастағы жүргізушісі мен 63 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, кісі қаза тапты, жеңіл көлік жүк көлігімен соғысты, деп хабарлайды zakon.kz.
Облыстық Полиция департаменті "ВАЗ 2109" және "МАЗ" маркалы автокөліктердің соқтығысуы 17 қазанда сағат 18:00 шамасында "Өскемен-Шемонаиха" автожолының 52 шақырымында болғанын айтты.
ЖКО салдарынан "ВАЗ 2109" автокөлігінің 65 жастағы жүргізушісі мен 63 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі: "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ведомство сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын, бірқатар сот сараптамалары тағайындалғанын, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті.
View this post on Instagram
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript