Алматы облысында жездесі балдызын аяусыз пышақтады
pixabay.com
Полиция бұл оқиғаға қатысты іс қозғаған. Алайда тергеу соты күдіктіні босатып жіберіпті. Ал, балдызын пышақтаған ер адам Тәжікстан азаматы көрінеді.
Алматы облысында 19 жастағы бойжеткен жездесінен әпкесін арашалаймын деп жансақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Бірақ, балдызын аяусыз пышақтаған қаніпезер бірнеше айдан бері бостандықта жүр. Ал әпкелі-сіңлілер қорқыныштан далаға шығудан қалған, деп хабарлайды zakon.kz.
Тамыз айында Шамалғанда тұратын әпкесіне қонаққа келген бойжеткен өмірімен қош айтыса жаздапты. Бар кінәсі - таяқ жеген әпкесіне араша түспек болыпты. Сол кезде жездесі сөзге келместен оншақты рет пышақ салып, тіпті өлтіруге оқталған, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.
ӘСІЛБАЙ АҚНҰР, ЖӘБІРЛЕНУШІ:
Әпкем арғы бөлмеге кетіп қалған кезде мені құшақтап алып қысып, мені пышақтап тастады. Арқамнан екі рет пышақ сұқты. Сол кезде әпшем келіп пышақты алмақшы болған кезде, сол кезде мойныма апарып өлтірмекші болды. Сонымен пышақты алып жатқан кезде бетімді тіліп кетті.
19 жастағы бөйжеткен бірнеше күн комада, екі апта ауруханада жатып әрең жаны қалған. Ақнұр әлі күнге жарақатының салдарынан қиналатынын айтады. Бүйрегі мен бауырына да зақым келіпті. Әпкесінің айтуынша, отбасына ұрыс-керіс жиі болады екен. Бірақ, қанша жерден керіссе де бұған дейін пышақ жұмсап көрмепті.
ЖАНАР СЕРІКБАЕВА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ӘПКЕСІ:
Өлім аузынан қалды. Оны өлтірмекші болды. Өлтірем деді. Сосын біз арыз жаздық Қаскелеңнің РОВД-сына, бірақ олардан ешқандай не жоқ. Екі ай өтті. Бізді ешқайда шақырмайды да, хабарласпайды да. Оны істеген Марат кешірім де сұрамайды. Оған қолданып жатқан шара да жоқ.
Полиция бұл оқиғаға қатысты іс қозғаған. Алайда тергеу соты күдіктіні босатып жіберіпті. Ал, балдызын пышақтаған ер адам Тәжікстан азаматы көрінеді.
АҚБОТА ӘЗІРБЕК, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодесінің 106-бап, яғни "денсаулыққа қасақана ауыр дене жарақатын келтіру" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіні полицейлер сол күні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. 18 тамыз күні тергеу сотының шешімімен бұлтартпау шарасы үй қамағына ауыстырылған.
Егер күдіктінің кінасы дәлелденетін болса 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. қазіргі таңда сот-медициналық сараптама жасалуда екен. Алайда жәбірленуші тараптың қорғаушысы істі одан да қатаң жазаға тартатын баппен ауыстыру керек деп есептейді.
ҚҰРАЛБЕК ДҮЙСЕБАЕВ, АДВОКАТ:
106-баппен қозғалған. 106-бап ауыр дене жарақатын келтіру деп есептелінеді. Бірақ, жаңа өздеріңіз естідіңіздер. Бұл кісі жүрегінің астынан пышақ ұрған. Арқасынан пышақ ұрған. Бауырына зақым келген. Одан кейін мен сені өлтіремін деп жүгірген.
Жанар Серікбаева сол сұмдық оқиғадан кейін екі баласын ертіп, күйеуінен кетіп қалыпты. Бірақ, жолдасы бостандықта болғасын сіңілісі мен өз өмірі үшін қауіптенетін ол үрей құшағында жүргендерін айтады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript