КСРО дәмханасындағы төбелес кезінде жас жігіт қаза тапты
zakon.kz/Максим Золотухин
КСРО - Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінің атауы.
Өскемендегі дәмханалардың бірінде төбелес кезінде жас жігіт қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат Instagram-да пайда болды. Ондағы жазбаға сәйкес, төбелестің екінші қатысушысы ауруханаға жатқызылған.
Облыстық ПД хабарлағандай, ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөлігі, 293-бабының 2-бөлігі бойынша (Қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, салдарынан жәбірленушінің өліміне әкеліп соғуы және бір топ адамның қатысуындағы бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта қылмыскерлер анықталып, дәлелдемелерді бекіту үшін қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, оның ішінде қажетті сот-медициналық сараптамалар да тағайындалды, деп атап өтті баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript