Талдықорғанда көлік апатынан 24 жастағы жүргізуші қаза тапты

instagram.com/taldykorganec.insta, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.10.2021 15:31 instagram.com/taldykorganec.insta
Талдықорғанда 24 қазан күні түнде жол апаты орын алды.

Талдықорғанда 24 қазан күні түнде жол апаты орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы 24 қазанда сағат 22:18 шамасында болды. Toyota Camry маркалы автокөліктің 24 жастағы жүргізушісі Қонаев көшесінің бойымен шығыс бағытта келе жатып, көлікті басқара алмай, электр бағанына соғылды, - делінген Алматы облысы ПД хабарламасында.

Жол апаты салдарынан Toyota жүргізушісі ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Сондай-ақ, апаттан 22 жастағы жолаушы зардап шекті, ол ауруханаға жеткізілді.

Факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды және ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігімен тергеу басталды.

Бақытжан Отарбаева

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: