Талғардан тас қазатын компания ел-жұрттың мазасын алды
видеодан кадр
Табиғи ландшафт бүлініп, тарс-тұрс пен шаң-тозаң әбден ығырларын шығарған.
Талғарда өзен аңғарын қазып, құрылысқа қажеттісін тасып әкетіп жатқан компания ел-жұрттың мазасын алуда, деп хабарлайды Zakon.kz "Евразия" Бірінші арнасына сілтеме жасап.
Өзенді жағалай қонған жұрт "жарға жығыламыз" деп жыларман. Өйткені әр жерден қазылған карьер су арнасын бұрып, енді су өзеннің екі бетіндегі үйлерге қарай жылжып келеді екен. Тұрғындардың айтуынша, табиғи ландшафт бүлініп, тарс-тұрс пен шаң-тозаң әбден ығырларын шығарған.
Телеарна тілшісі өзен жағасындағы өзегі талған жұртпен жүздесіп, су қорғау аймағын қазуға құзырлы кімдер екенін біліп қайтыпты:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript