Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да бір тәулікте кісі өліміне әкеліп соқтырған үш жол апаты орын алды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2021 03:50 Zakon.kz
Әрбір фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы,3 және 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Апат салдарынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы екі қайғылы оқиға Семей қаласының маңында, ауылдық жолдарда орын алды. 28 қазан күні сағат 18:15-те қала маңындағы жолда 21 жастағы жүргізуші тізгіндеген Фольксваген жолды кесіп өтіп бара жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші - тоғыз жасар баланы қағып кетті, ол алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Бала үлкендердің қарауынсыз жолдан өткен.

Сол күні кешке Семей-Талица бағытындағы жолда ПАЗ автобусының 66 жастағы жүргізушісі жол бойындағы 45 жастағы ер адамды қағып кеткен. Жәбірленуші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Үшінші жол-көлік оқиғасы Павлодар облысына бір шақырым жетпестен Омбы-Майқапшағай тас жолында орын алды, бұл ретте Honda автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кетіп, салдарынан екі жолаушысымен бірге жүргізуші де қайтыс болды.

Әрбір фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы,3 және 4-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жас баланың өліміне әкеліп соқтырған осы жол-көлік оқиғаларының біріне кінәлі азамат ұсталып, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Біз қаза болғандардың отбасыларына шын жүректен қайғырып, көңіл айтамыз. Қазір қылмыстық істер аясында объективті тергеу ісін жүргізу қамтамасыз етіліп, тергеу әрекеттері жалғасуда, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, – деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: