Арқарлы асуының маңындағы тас жолда жүк көлігінің тіркемесі отқа оранды
видеодан алынды
Өрттің алдын ала себебі тасымалданушы жүктің (аккумулятор батареясы) өздігінен тұтануы болуы мүмкін.
30 қазанда түнде Арқарлы асуының маңындағы тас жолда жүк көлігінің тіркемесі отқа оранды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сағат 22:17-де Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Алматы – Өскемен тас жолының 135-ші шақырымында жүк көлігінің тіркемесі өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы өртті сағат 23:07-де оқшаулап, 23.30-да толықтай сөндірді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ, – делінген хабарламада.
Өрттің шығу себебі тасымалданушы жүктің (аккумулятор батареясы) өздігінен тұтануы болуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript