Алматыда жазғы дөңгелекпен жүрген көлік сайға құлады
Zakon.kz
Құдай сақтағанда, адамдар аман.
Қалаға қар түсіп, аяз келсе де жазғы дөңгелекпен жүре берейін деген Subaru Forester көлігінің иесі үшін енді өкінгеннен де еш пайда жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сұлусай ықшамауданындағы жолдың бұрылысында көлік тайғанап, оған түк істей алмаған жүргізуші темір тұлпарының сайға құлаған сәтінің куәсі болды.
Құдай сақтағанда, адамдар аман. Көліктегі жүргізуші мен жолаушы шошып қалғаны болмаса, еш зақым мен жарақат алмады. Екеуі бір бүйіріне аударылған көліктен өз күшімен түсіп, "енді не істейік" деген оймен аялдамаға қарай ақырын аяңдай кете бардық деседі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript