ШҚО-да жаңа туған нәресте көз жұмды
pixabay
Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында нәресте шетінеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Баланың ата-анасы мұны дәрігерлердің "немқұрайдылығы мен қабілетсіздігінен" көріп отыр.
Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Ата-ананың айтуынша, "дәрігер орнында болмаған соң өлім себептерін анықтау мүмкін болмады, нәрестенің денесі екі күн бойы сараптаманы күтіп мәйітханада жатты", – делінген @osa_uka_vko парақшасында.
Облыстық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
4 қарашада Шемонаиха аудандық Полиция бөлімі "ШҚО ДБ Шемонаиха ауданының аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК қызметкерлеріне қатысты абайсызда баланың өліміне әкеп соққан медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп атап өтті баспасөз қызметі.
Сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Сонымен қатар денсаулық сақтау нысанын жоспардан тыс тексеру тағайындалды. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды, - деп қорытындылады ведомство.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript