Алматыда қоқыс таситын көліктің кабинасы түгі қалмай өртеніп кетті

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2021 21:48 Zakon.kz
Өрттің шығуына қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Алматыда әл-Фараби даңғылында қоқыс таситын көліктің кабинасы өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға 5 қараша күні сағат 16:25-те орын алды.

1991 жылы шыққан "MAN" маркалы қоқыс таситын көліктің қозғалтқыш бөлігі мен кабинасының 4 шаршы метр аумағы өртке оранды, - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінен.

Өрттің шығуына қозғалтқыш бөлігіндегі электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған.

Өрт 16:53-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлады ведомстводан.

Құзырлы ведомство көлік құралдары иелеріне автокөліктердің техникалық жағдайын бақылауды, электр сымдары мен отын жүйесінің жұмысқа жарамдылығын жүйелі түрде техникалық байқаудан өткізуді, сондай-ақ кабинада өрт сөндіргіштің болуы қажеттігін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: