Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағанды облысында шахтада алты адам ажал құшты

ҚР ТЖМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2021 18:01 ҚР ТЖМ
Төтенше жағдайларды жоюға Авариялы-құтқару қызметтерінің "Республикалық орталық штабы" ЖШС (15 қызметкер), ТЖД (үш қызметкер және екі бірлік техника), Апатты медицина орталығы ММ (үш қызметкер және бір техника) күштері мен құралдары тартылуда.

Абай қаласында "АрселорМитталТеміртау" АҚ-тың шахтасында қайғылы оқиға орын алды. 3-К10 солтүстік вентиляциялық штректің түбінен кенеттен улы метан бөлінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайдың орын алғаны 2021 жылғы 7 қарашада сағат 08.37-де белгілі болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, шахтада 64 жұмысшы болған. 3-К10 алаңында сегіз жұмысшы бар (ақпарат нақтылануда). Сегіз жұмысшының алтауы қаза тапты, екеуі жарақат алды (жағдайлары нақтыланып жатыр). Жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде, - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Оқиға орнына Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен техникасы аттанды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Оқиға орнына ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған комиссия аттанды, - деді Уәли.

Төтенше жағдайларды жоюға Авариялы-құтқару қызметтерінің "Республикалық орталық штабы" ЖШС (15 қызметкер), ТЖД (үш қызметкер және екі бірлік техника), Апатты медицина орталығы ММ (үш қызметкер және бір техника) күштері мен құралдары тартылуда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: