Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында әйелінің көңілдесін балталаған ер адам ұсталды

Алматы облыстық ПД, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2021 02:41 Алматы облыстық ПД
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс қаруы – балта тәркіленіп, заттай айғақ ретінде материалға тіркелді.

Алматы облысында тәртіп сақшылары әйелінің көңілдесін өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудандық полиция басқармасыны кезекші бөліміне белгісіз біреулер бірнеше жерінен пышақталып, бас-ми жарақаты бар ер адамды әкеліп тастағаны туралы хабарлама түсті. Алған жарақаттан ер адам есін жимастан көз жұмды. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлігі бойынша бірыңғай тізілімге тіркелді. Тергеу-жедел тобы марқұмның кім екенін анықтады, ол 36 жастағы Алматы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Алматы облыстық ПД.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 6 қарашада күдіктіні – оңтүстік астананың 32 жастағы тұрғынын ұстады. Ол кісі өлтіргенін мойындап, марқұмның туған күнінде болғанын, сол арада оның әйелінің көңілдесі екенін білгенін айтқан.

Үйіне оралған ол әйелінің кінәсін мойындағанын бейнекамераға түсіріп алған, содан кейін жәбірленушіні оңаша жерде әңгімесуге шақырған. Бейнежазбаны көрсетіп, әйелімен байланысы барын мойындағанда ер адам оған балта жұмсап, көп жерінен жарақат салған, - деді полициядағылар.

Полиция кісі өлтірген күдіктінің 2014 жылы абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін сотты болғанын атап өтті.

Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс қаруы – балта тәркіленіп, заттай айғақ ретінде материалға тіркелді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: