Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Ресей дизель отыны тасымалы мәселесін талқылады

Zakon.kz/ Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2021 03:09 Zakon.kz/ Павел Михеев
Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары Новакпен және Оверчукпен кездесті.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары Александр Новак пен Алексей Оверчук бастаған делегацияны қабылдады. Тараптар отын-энергетика секторындағы — жер қойнауын пайдалану, мұнай және газ, электр энергетикасы салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сутегі энергетикасы саласындағы ынтымақтастық перспективаларына, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерін газдандыруға ресейлік компаниялардың қатысуы мәселесіне ерекше назар аударылды. Ресейден Қазақстанға дизель отынын жеткізу, Ресей көмірсутектерінің ҚР аумағы арқылы тасымалдануы және т. б. мәселелер қаралды. Мұнай-газ химиясы саласында — полипропилен, полиэтилен, бутадиен және оның туындыларын өндіру бойынша бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды, делінген primeminister.kz сайтында.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2021 03:09

"Самұрық-Қазына" АҚ мен "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ "СИБУР Холдинг" ЖАҚ-пен бірлесіп, Атырау қаласындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің базасында 2022 жылдың басында жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін бірлескен кәсіпорын ашуды жоспарлауда.

Тараптар жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының бірлескен жобасын іске асыру мәселесін қарастырып жатыр, делінген хабарламада.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ "Татнефть" ЖАҚ-пен бірлесіп, битум модификациясында қолданылатын бутадиен каучуктерін өндіру, адгезивтер, желімдер, резеңкелер және экологиялық таза шиналар дайындау бойынша бірлескен жобаны іске асыруда. Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2025 жылдар, өндіріс қуаты – жылына 186 мың тонна бутадиен каучуктері мен 170 мың тонна изобутан. Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы стратегиялық өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша одан әрі сындарлы келіссөздер жүргізуге әзірлігін растады.

Кездесуге ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев, "ҚазТрансГаз" АҚ бас директоры Қайрат Шәріпбаев, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы Мәжит Шәріпов қатысты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: