Алматыда ақылы автотұрақты алдаған жүргізуші ұсталды

polisia.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2021 21:39 polisia.kz
Автотұраққа төлемеу үшін алматылық жүргізуші қандай айла ойлап тапты.

Өзіне әрең жетіп жүрген ақшасын ақылы автотұраққа төлемеу үшін алматылық жүргізуші айлаға басты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі халықтың келісімінсіз қалада пайда болған автотұраққа төлемеу үшін жалған мемлекеттік нөмірді пайдаланған екен.

Полицейлер екі түрлі мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан автокөлікті Абылай хан мен Қазыбек би көшелерінің қиылысынан байқап қалады.

Белгілі болғандай, жүргізуші жалған мемлекеттік нөмірді тұрақ ақысын төлемеу үшін орнатқан екен.

Көлік иесі анықталып, оған айыппұл салынды. Ал автокөлік айып тұрағына кетті.

Дайана Тоқберген

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: