Нұр-Сұлтанда мас бұзақы көліктерді теуіп, тас лақтырды
pxfuel
Полицияда ол өзінің бұзақылық әрекеттеріне түсінік бере алмады.
Астанада мас адам алты көлікті зақымдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 қараша күні сағат 00:58-де "102" пультіне Vivat Promenade ТК жанында белгісіз ер адам жол бойында тұрақталған автокөліктерді бүлдіріп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті,-деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПБ баспасөз қызметі.
Үй тұрғындары бұзақыны өз бетінше ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырды. Ол 30 жастағы ер адам болып шықты. Жалпы алғанда, ол алты көлікке зақым келтірді. Залал сомасы анықталады.
Ер адам медициналық сараптамадан өтті, оған сәйкес ол жеңіл дәрежеде мас болған. Полицияда ол өзінің бұзақылық әрекеттеріне түсінік бере алмады.
Аталған факті бойынша ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бақытжан Отарбаева
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript