Ақмола облысында 3 млн теңгенің чегін қолдан жасаған екеу ұсталды
Zakon.kz
Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 190-бабына сай (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Алаяқтар жалған чекті азық-түлік сатып алу кезінде қолданған, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 қарашада Көкшетау қаласы ПБ кезекші бөліміне Красный Яр ауылының кәсіпкері арызданды. Оның айтуынша, 12 тамыз бен 15 қараша аралығында белгісіз адамдар 3 млн теңгеден астам сомаға жалған чекпен азық-түлік сатып алғанын хабарлады,- деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Ізін суытпай, бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 24 және 30 жастағы екі күдікті анықталды. Ер адамдар ұзақ уақыт бойы жалған чектермен тауарлар алып жүргені белгілі болды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 190-бабына сай (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript