Жаңалықтар тізбегі
0

Құлсарыны дүр сілкіндірген қанды оқиғаға қатысты тың дерек жарияланды

Атырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2021 23:41 Zakon.kz
"Апа, кешір" деп аяғыма жығылды. Мен айқайладым - күдіктінің анасы.

Атырау облысындағы жеті балалы әйелдің өліміне несие себеп болуы мүмкін. Күдіктінің туыстары осындай болжамды алға тартады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қанды оқиғадан кейін күдікті «алып берген несиені төлемей қойғаны үшін ашуландым» деген көрінеді. Жантүршігерлік қылмыс Құлсары қаласы әкімдігі ғимаратының артындағы ашық алаңқайда болған. Сол күні келіншек жұмыстан өте кеш шығыпты. Осы маңнан өтіп бара жатқан куәгерлер полицияға хабар берген. Ал қазір айналада қылмыстың ізі мүлдем байқалмайды. «Алтын алқа» иегері, 35 жастағы келіншек әкімдік ғимараты жанындағы полиграфиялық мекемеде еден жуушы болған. Қала әкімдігіндегілердің айтуынша, марқұм барлық тиісті әлеуметтік төлемдерді алып отырған, делінеді Астана телеарнасының жаңалықтарында.

Қаралы отбасы арнайы сұхбат берген жоқ. Бірақ, күдіктіні кешірмейміз, – деп кесіп айтты. Әйелдің артында қалған жеті баланы өзіміз жетілдіреміз, – дейді. Ал оны пышақтап өлтірген күдікті бір күн бұрын ғана 25-ке толған көрінеді. Туыстарының айтуынша, екеуі бұрыннан жақсы таныс болған.

«Кредит әперіп едім, соны төлемей тұр» деген әңгіме болды. Маған сол күні аяғыма келіп жығылғанда айтқан сөзі осы. Сол үшін жасадым, апа, – деді. Үйге келді ғой, сол күні. Оны жасап болып, үйге келді ғой. "Апа, кешір" деп аяғыма жығылды. Мен айқайладым. Сұлу Қаржауова, күдіктінің анасы

Ал әпкелері інісінің осындай жауыздыққа барғанына сене алмай отыр. Жаман әдеті де, ашушаң мінезі де жоқ еді, – дейді.

Екеуінің арасында жалғыз кредит емес, қызғаныш болды ма, білмеймін енді. Інім тап солай жасағанда мен сенген жоқпын, ондай бала емес еді. ИНН-мен қарағанда 900 мың үстінде ақшасы тұр, кредитке алған. Ләйлә Жангелова, күдіктінің әпкесі

Күдікті қамауға алынған. Қазір полиция бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Құлсары қаласының 1986 жылғы тұрғынының өліміне кінәлі 1996 жылғы күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 99 бабы, 1-інші бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.Айша Талапкер, Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің маманы

Қанды оқиға Құлсарыны түгелдей дүр сүлкіндірді. Жұрт қаралы күнді еске алғысы келмейтінін айтады. Ал кісі қолынан қаза тапқан әйелдің артында қалған жеті баланың кішісі – 5 жаста, үлкені – колледж студенті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: