Мас жүргізуші бойжеткенді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Полиция ұстады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2021 20:50 Сурет: pexels
Жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды

6 желтоқсанда Ақтөбе қаласында ВАЗ-21099 автокөлігінің жүргізушісі Мәметова көшесінде 24 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 32 жастағы жүргізушіні ұстады.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, жүргізуші көлікті жеңіл дәрежедегі мас күйінде басқарған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Ақтөбе қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігі (Көлік тізгініндегі адамның мас күйінде жол ережесін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: