Жаңалықтар тізбегі
0

«Көлсай көлдері» ұлттық саябағы әкімшілігі вандализмге қатысты үн қатты

Мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2021 17:39 Сурет: Instagram/kolsailakes_nationalpark
"Көлсай көлдері" ұлттық саябағының әкімшілігі өз аумағындағы вандализм фактісіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұған дейін әлеуметтік желілерде танымал туристік нысандағы ағаштарға қашалып жазылған адам есімдерінің видеосы пайда болған еді.

Бұл жайт қазақстандықтардың наразылығын тудырып, ал "Көлсай көлдері" ұлттық саябағы әкімшілігі жағдайды түсіндіруге уәде берді.

Құрметті достар! Біздің саябақ өкілдерін де өздеріңіз секілді Қайыңды көлінде болған, табиғи жәдігер – шыршаларымызға, саябақтың табиғи ескерткішіне варварлық шабуыл жасалуы (осылай айтудан қорықпаймыз) қатты ашуландырды! Жылдар бойына табиғат жәдігері өз сұлулығын сақтап келді, ал әлдебір вандалдарға осындай бұзық идея келеді! "Көлсай көлдері" ұлттық саябағының әкімшілігі

Қазіргі уақытта барлық жағдай мекеме басшылығы мен әкімшілігінің бақылауына алынды, біз осындай бұзақылыққа жол беріп алғанымызға, соның куәсі болғанымызға өте өкінеміз. Бірақ достар, міне, біз тағы да қоғамымыздың өткір әлеуметтік проблемасымен бетпе-бет келіп отырмыз: арамыздағы кейбір адамдар бұзып-жоюға, зиян келтіруге, дөрекілік танытуға бейім.

Саябақ әкімшілігінің айтуынша, Қайыңды аумағында мұз бетімен жүруге тыйым салатын аншлагтар, ескерту жазбалары бар, ал көлдің өзі ленталармен қоршалған. Бірақ бұл шаралар бәріне бірдей жүген бола бермейді.

Өкінішке орай, саябақ әр келген адамның артына бір-бірден "бақылаушы" қоя алмайды, бұл физикалық тұрғыда мүмкін де, қажет те емес нәрсе. Келе-келе, біздің отандастарымыздың өзі де отырған астындағы томарды аралауға болмайтынын, табиғат, Отан, экология үшін жауапкершілік, ең алдымен, өзімізге жүктелетінін, өз-өзімізге жамандық жасаудың керегі жоқтығын түсінеді деп сенеміз!"Көлсай көлдері" ұлттық саябағының әкімшілігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: